Бұл туралы агенттікке қалалық ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары Аждар Жүсіпов мәлім етті.

 - "Горкомхоз" ЖШС мердігерінің көшені тазалап жүрген техникасы құдықты зақымдаған. Нәтижесінде құдықтың қақпасы кран мен жапқышқа құлап, жылу желілеріне ақау келтірді, - дейді Аждар Жүсіпов. - Қазіргі таңда барлық кемшіліктер жойылып, тұрғындарға жылу берілді. "Горкомхоз" келтірілген шығынды өз мойынан алып отыр.

Еске сала кетейік, биыл қар тазалау жұмыстары коммуникация желілерінің зақымдануына себеп болған. Өткен демалыс күндері "Иртыш Альянс" ЖШС-не тиесілі техника Жетекші ауылында құдықты зақымдап, көшені ауыз сусыз қалдырды.

Тұмар Бекжан

 Суреттерді Аждар Жүсіпов ұсынды

pavlodarnews.kz