Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, күдіктілер жеке үйге пластикалық терезелер арқылы түскен. Бүгінде қарақшыларға 10-нан астам жеке тұрғын үйден ұрлық жасады деген күдік тағылуда

- Күдіктілер қамауға алынды. Тексеру жұмысы барысында барлық қылмыстар бір жолем жасалғаны анықталды. Қазіргі таңда зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, тергеу шаралары жоспары әзірленді. Олар ноутбук, планшет, фотоаппарат, алтын бұйымдары секілді құнды заттар мен ақшаларын қолды қылған. Қазір ұрланған заттар тәркіленіп, иелеріне қайтарылды, - дейді баспасөз қызметінің мамандары.

Айта кетерлігі, қолға түскен екі күдікті ешбір жерде жұмыс істемейді. Бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. 

pavlodarnews.kz