Бұл туралы 24.kz хабарлады. Күмістен, сүйектен, бағалы тастардан жасалған әшекейлер мен түрлі киіз үй жабдықтары, ат әбзелдері көздің жауын алады. Қазақ қыздарының сұлулығын паш ететін сырға, жүзік, білезік, шашбау сияқты бұйымдар тіпті ерекше. ХІХ ғасырдың ортасынан бергі бұл бұйымдарды автор қалпына келтіріп қана қоймай, жас ұрпаққа жаңаша таныстырумен келеді. Бұл жолы да әр жәдігердің тарихы «Абай жолы» романынан үзінділер келтіру арқылы суреттеліп, әнмен әспеттелген.

Сержан Бәшіров, суретші, зергер:

- Осыдан 10 жыл бұрын тағы бір-екі рет оқып шықтым. Ол шынында да қазақтың энциклопедиясы ғой, «Абай жолын» оқысаң, бүкіл қазақты содан танисың ғой. Сол ғасырдың ішінде, сол заманға келгендей боласың, сол адамдардың ішінде жүргендей әсер етеді. Сол романды оқығанда қазақтың этнография тұрмысын, барлығын, көп нәрсе есіңе түсіп, соның бәрі ықпал етеді жұмыс істеген кезде.

pavlodarnews.kz