Бұл туралы «Қазақстан алюминийі» АҚ корпоративтік коммуникациялар қызметінің маманы Ақылбек Сатыбалдин хабарлады.

- Өткен жылдың қараша айынан бастап есептегенде ағымдағы жылдың 16-наурызындағы жағдай бойынша Павлодар алюминий зауыты аумағынан 5056 рет жүк көліктері қар шығарған. Сонымен қатар, көктемгі су тасқыны кезеңінде атқарылатын жұмыстарды ұйымдастыру және басқару мақсатында арнайы комиссия құрылған. Бұл комиссия зауыт аумағында су басу қауіпі бар орындар, алаңдар мен телімдерді аралап, бақылауда ұстайды. Әсіресе, 1-ЖЭО-ның шлам мен күл төгілетін үйінді гидротехникалық құралдарының апатсыз жұмыс жасауына баса көңіл бөлінген, - деді Ақылбек Сатыбалдин.

Ал, зауыттағы бас энергетика бөлімі басшысының орынбасары Сергей Довжиктың айтуынша, зауыт аумағындағы еріген қар мен жаңбыр суының ағып кетуін қамтамасыз ететін жерасты коммуникациялық кәріздері мен бірқатар станциялар қоқыс пен қардан тазартылды.

Суретті түсірген - Антон Козлов

pavlodarnews.kz