- Мен 12.00-ден кешкі 20.00-ге дейін жұмыс істеймін. Дәретхана ақысы – 20 теңге. Орташа есеппен 500 теңгедей ақша табамын. Көбінесе таксишілер мен жол қызметкерлері келеді. Осы маңайда қар тазалап жүргенде жұмысшылар да кіріп тұратын, - дейді дәретхана қызметкері Валерий Горобец.

Агенттіктің жолдаған ресми сауал хатына қала әкімі баспасөз қызметінің берген жауабына сүйенсек, 2016 жылдың желтоқсан айынан бастап 2017 жылдың 1-наурызы аралығында биодәретханаға барған адамдардың саны - 1640.

- Әуелден бастап биодәретхананың шығыны туралы сөз қозғалған жоқ. Аталмыш орын қала қонақтары мен тұрғындарына ыңғайлы болу үшін жасалған, - деп жазылған хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, биодәретхана павлодарлықтардың өтініші бойынша салынған. Қаладағы барлық ірі саябақтар мен демалыс орындарын мұндай қажетті нысанмен қамтамасыз ету қала әкімдігінің жоспарында тұр.

Думан Асқарбек

pavlodarnews.kz