Бұл туралы tengrinews.kz Rg.ru Daily Mail басылымына сілтеме жасап, хабарлады. Осылайша, тапсырыс беруші арнайы каталогтан селфи жасағысы келетін "досын" таңдайды. Содан бірнеше сағат ішінде ол әлеуметтік желілерге жариялауға болатын түрлі суреттер жасай алады. Басылымның мәліметінше, мұндай фотосессия жасауға 8 мыңдай иен кетеді (20 мың теңгеден аса). © inquirer.net Family Romance компаниясы өкілдерінің айтуынша, бұл қызмет достары жоқ адамдар және әлеуметтік желілерде танымал болып көрінгісі келетін адамдарға ұсынылады. Сонымен қатар, компаниядағылар үйлену тойларына, туған күн кештеріне немесе басқа да мерекелік шараларға осындай "достарды" шақырып, суретке түсуге болатынын айтты.

pavlodarnews.kz