Осы мақсатта қазіргі кезде Жайық жағасын бекіту жұмыстары жүріп жатыр. Айта кетейік, көне қаланың орнын Жайық суы шайып бара жатқаны көптен бері мәлім, деп жазады Baq.kz .

Қалашық маңындағы өзеннің ұзындығы шамамен 1 шақырым. Жағаны бекіту жұмыстары 2018 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, әкімдік мұнда туристік орталық салу үшін жеке кәсіпкерлерді серіктестік орнатуға шақырып отыр.

Көне Сарайшық қаласы Атырау қаласынан 45 шақырым жерде Жайық өзенінің жағасында орналасқан. Жібек жолының бойында тұрған бұл шаһарда 7 хан сүйегі қойылған. Олар: Мөңке, Тоқтағу, Жәнібек, Әмір Оқас, Қасым хан, Ших Мамай және Жүсіп хандар.

pavlodarnews.kz