Бұл туралы Baq.kz  жариялады. 

Кей өңірлерде тұман түсіп, жел күшейеді. Алматы облысының кейбір аймақтарына тұман түсіп, түнде Жалаңашкөл аймағында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Атырау, облыстарының кей аймақтарында тұман болады.

Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында кей жерлерге тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Қызылорда облысында құмды дауыл тұруы ықтимал.

Ақтөбе облысында күндіз желдің екпіні метріне 18 секундқа дейін жетеді.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметтерінше, биылғы ауа райы құбылмалы. наурыз бен сәуір айы салқын болғанымен, күн райы бірден жылынады.

 

pavlodarnews.kz