Қала әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, №5 тұрақты қалалық автобус бағытының қозғалысы Ломов көшесі бойынша Қамзин көшесінен Ак. Сәтбаев көшесіне дейінгі учаскеде қалпына келтірілетін болады.

Шағын классты № 4 тұрақты қалалық автобус бағытының қозғалысы Ломов көшесі бойынша Ак.Шөкин көшесіне, Қамзин көшесінен Кутузов көшесіне дейінгі учаскеде қатынайды. Одан әрі Ломов көшесі бойынша Абай көшесіне өтіп, Абай көшесі бойынша М.Горький көшесіндегі автобус қозғалысы одан әрі Ленин көшесі бойынша жүреді.

pavlodarnews.kz