Агенттіктің жолдаған ресми сауал хатына қалалық әкімдіктің ұсынған жауабына сүйенсек, Наурыз мерекесіне орай көшелер шағын нысандармен және жарықтандыру бағандарындағы тіреуіштермен, түрлі инсталяциямен әшекейленеді.

Мерекелік безендіру А. Сәтбаев, Кутузов, Торайғыров, Лермонтов, Естай, Ленин көшелерінде және Павлодардың саябақ аумақтарында жүргізіледі.

Достық үйінің жанында және Кутузов - Торайғыров көшелерінің қиылысында үлкен НАУРЫЗ әріптері пайда болады.

Қаланы мерекелік безендіруге 11 млн. теңге жұмсалады.

Тұмар Бекжан

Суретті түсірген - Роза Мұстафина

pavlodarnews.kz