«Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Светлана Гладышеваның айтуынша, еріктілердің бастамасын спортшылар мен банк қызметкерлері құптап, қолдау танытқан.

- Флешмобқа қатысушылар боксшының құрметіне бір жолда GGG әріптерін бейнеледі. Бірінші әріпті «Жасыбай» спорт кешенінің тәрбиеленушілері салса, екінші әріпті Екібастұз медициналық колледжінің студенттері бейнеледі. Ал, үшінші әріп «Цеснабанк» АҚ Екібастұз филиалы қызметкерлерінің қатысуымен жасалды. Мақсатымыз - жастар санасына патриоттық сезім қалыптастыру, спортқа деген қызығушылығын арттыру. Сонымен қатар, боксышыға құрмет көрсетіп, алдағы жеңісіне екібастұздықтар да тілеулес екенін білдіру. Видео-флешмобты Василий Аваргин түсірсе, монтажын Надежда Варламова жасады, - дейді Светлана Гладышева.

Екібастұздық жастар мұндай шеруді осымен екінші рет ұйымдастырып отыр. Бұған дейін атақты боксшының алдыңғы жекпе-жегі қарсаңында ерекше сый жасаған болатын.

Айта кетейік, Геннадий Головкин 19-шы наурыз күні америкалық боксшы Дэниел Джейкобспен жұдырықтасады. Головкин-Джейкобс жекпе-жегін «Қазақстан» мен «Kazsport» телеарнаcы сағат 8:00-ден бастап, тікелей эфирде көрсетеді.

Тілеуберді Сахаба

pavlodarnews.kz