Бұл туралы 24.kz жазды. Ақтөбелік төтенше жағдайлар қызметі мен жергілікті полиция осы бағытта алғаш рет бірлескен рейд өткізді. Арнайы техникалар дабылын қосып, қаланың орталық 6 көшесімен жүріп өтті. Небәрі 20 минуттың ішінде бірнеше көлік жолды бөгеп, тәріп сақшыларының назарына ілікті. Оларға сол жерде хаттама толтырылып, айыппұл салынды. «Жалпы, соңғы жылдары қалада көліктер көбейіп, арнаулы техниканың қозғалысына жиі кедергі келтіріп жүр. Бұл өрт сөндірушілердің жедел әрекет етуіне бөгет болады», - дейді мамандар. Былтыр қаладағы 5 өрт сөндіру бөлімшесі 1 608 мәрте дабыл бойынша жолға шыққан. Өрт салдарынан 7 адам қаза тапқан.

Құспан Хамзин, өрт сөндіру қызметінің бөлім басшысы:

- Жүргізушілердің мәдениетін көтеріп және мына өрт оқиғасы орнына шығу кезіндегі оған жеткенше кездесетін кедергілерді азайту мақсатында және тездетіп, уақытында қажет болған адамдарға көмек көрсету мақсатында асырылып жатқан іс-шара.

pavlodarnews.kz