Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының өсімдік шаруашылығы және механизация бөлімінің бас маманы Байболат Рахымжанов агенттік тілшісіне берген сқұхбатында айтты.

- Биыл біздің облыста 30 мыңнан астам гектар жерге көп жылдық шөп өсіріледі. Оның 9,5 мың гектары Железин, 5 мың гектары Ертіс ауданына тиесілі. Ал, бір жылдық шөп өсірілетін жердің аумағы шамамен 38300 гектарды құрайды, - дейді Байболат Рахымжанов.

Еске сала кетейік, бір жылдық және көп жылдық шөпті малдың жем азығы үшін ғана емес, сонымен бірге, топырақты құнарландыру үшін де егеді. Сонымен қатар, 15500 гектар аумаққа жүгері өсіріледі. Өсімдіктің бұл түрімен көбінесе сүт өндіретін шаруашылықтары айналысады.

Бас маманның сөзінше, биыл 692,390 гектар алқапқа астық дақылдары отырғызылады. Ал, майлы дақылдар көлемі 191,800 гектарды құрап отыр. Биыл картоп өнімдері 16 мың гектар алқапқа отырғызылады. Мәселен, Ақсу ауылдық аймағы 3,4 мың, Павлодар ауданы 3,7 мың, Екібастұз қаласы мен Ақтоғай, Качир, Лебяжі, Железин аудандарының әрқайсысы мың гектардан астам жерге отырғызбақ. Ал, облыста егілетін қауын мен қарбыздың 90 пайызы Лебяжі ауданына тиесіл.

Талғат Төре

pavlodarnews.kz