Бұл туралы Boxingnewsonline.net жазады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

- Мен боксшымын- бұл менің жұмысым. Мен кіммен болса да жұдырықтасуға дайынмын. Менің арманым - орта дивизиондағы барлық белбеулерді жинау. Оған соңғы қадам - Билли Джо Сондерспен айқас. Біз оны Қазақстанда өткізе аламыз деген сенімдемін, - деді Головкин.

Еске сала кетсек, британдық Билли Джо Сондерс (24-0, 12 КО) Головкиннің орта салмақтағы жетпей отырған WBO титулының иегері. Бұдан бұрын БАҚ-та олардың кездесуі Астанада маусым айында EXPO халықаралық көрмесі аясында өтеді деп хабарланған болатын.

 

pavlodarnews.kz