- Еліміздің даму жолына үлкен үлес қосқан ардагер аталар мен әжелерге кейінгі ұрпақ әрдайым ризашылығын білдіреді. Елдің бірлігі мен тірлігін сақтап қалуға сіздер үнемі белсенді атсалысасыздар. Мемлекетіміздің өркендеу жолындағы ақыл-кеңестеріңіз жарасып жатса, келісіп пішкен тон келте болмас. Жылымыз мерекелі, жазымыз жауынды, күзіміз егінді, малымыз төлді болсын, - деп аудан әкімі Серік Батырғұжинов жиналған жұртшылықты құттықтады.

Мәдениет үйінің әншісі Шәмей Салтанат «Арнау» өлеңін жолдады. Облыс орталығы мен көрші Ақтоғай ауданынан келген қонақтар ізгі тілектерін білдіріп, асыл аналар мен әжелер шашу шашты.

Клубта ардагерлерге барлық жағдай жасалған.  Олар мұнда әңгіме өрбітіп, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, бильярд ойындарын ойнау мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар спорттық құрылғыларда жаттығулар жасай алады.

Айта кетерлігі, нысанның ашылуына жергілікті депутаттар мен кәсіпкерлер, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы материалдық қолдау көрсеткен.

pavlodarnews.kz