Бұл туралы Vesti.kz. сайтына сілтеме жасап tengrinews.kz хабарлайды.

"Қазір ештеңе жоспарланбаған. Мен көптеген келіссөздер жүргізіп жатырмын, ол Golden Boy болосын немесе Головкиннің Қазақстанда жекпе-жек өткізгенін қалайтындармен де. Бірақ ештеңге қол қойылған жоқ. Біз сенбі күнгі жекпе-жектің қорытындысын білгіміз келді - себебі ештеңе келісілмегенін біз білдік. "Канеломен" де Қазақстанмен де ештеңе аяқталған жоқ. Осы аптада біз үстелімізге не түсетінін көреміз. Біз "Канеломен" келісімшартқа қол қоя алмаймыз, себебі ол Хулио Сезар Чавеспен жекпе-жекке шығуы керек. Бірақ осы жекпе-жектің іске асуы үшін біз қолдан келгеннің барын істеп жатырмыз", - деп жазады Леффлердің сөзін BoxingScene. Еске салайық, қазақстандық боксшы бүгін, 19 наурызда Нью-Йоркте америкалық Дэниэл Джейкобсты ұпай айырмасымен жеңген болатын. "Қазақстан" телеарнасында Головкиннің жекпе-жегі Астанада 17 маусымда EXPO-2017 халықаралық көрмесі күндері өтетіні хабарланды. Таяуда қазақстандық тарап WBC президенті Маурисио Сулейманмен кездеседі екен.

pavlodarnews.kz