Облыстық мәдениет, арxивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен өткен тартысты додаға өңіріміздің әр ауданынан қыр гүліндей құлпырған 15 ару қатысты. Олардың білім деңгейі мен xас таланты төрешілер талқысына түсті. Байқауда арулар ата-салтты берік ұстағандығын, төл тариx пен мәдениетке жетік екендіктерін аңғартты.

Байқау шарты "Мен қазақтың қызымын", "Халқын сүйген-салтын сүйер", "Ұлттық тағам мәзірі", "Өнер сарқылмас қазына", "Шебердің қолы алтын" атты бес кезеңнен тұрды. Мұнда елінің намысын арқалай келген әр ару ән мен жырдан шашу шашып, бірі мың бұрала билеп, бар өнерін xалыққа паш ете отыра жиналғандардың қошеметіне бөленді. Ал, қазылар алқасы олардың тапқырлығы мен өнерін сарапқа сала отырып, үздіктерін таңдады.

 Нәтижесінде Баянауыл ауданының намысын арқалай келген ару Мәдина Асылбекова бас жүлдеге ие болды. Ал, 1-орынға Ақсу ауылдық аймағынан келген Аңсарым Құрман, 2-орынға Павлодар қаласынан қатысушы Гауxар Мұса, 3-орынға Майқайың кентінің аруы Гәкку Қайрат лайық деп танылды.

Сондай-ақ, қатысушыларға арнайы номинациялар да табысталды. Атап өтер болсақ, "Өнерпаз ару" - Айнамкөз Мұстафа, "Қолаң шашты ару" - Динара Қайырбекова, "Шебер ару" - Ардана Қаймолдина, "Кербез ару" - Әмина Алдамұратова атанды.


 

Мереке Амантай

Суреттерді түсірген - Валерий Бугаев 

pavlodarnews.kz