Астана уақыты бойынша сағат 15.55-те Brent маркалы мұнайдың бағасы 1,292 пайызға түсті, бір беррель үшін 51,1 долларға дейін төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі электронды сауда мәліметіне сілтеме жасап.

WTI маркалы мұнай бағасы 0,64 пайызға, баррель құны 48,69 долларға дейін түсті. Еске салайық, осыған дейін мамандар мұнай бағасына қысым көрсетіліп жатқанын айтқан. Бұл тікелей АҚШ-тың мұнай қорының ұлғаюы мен мұнай шығарудағы белсенділігіне байланысты.

pavlodarnews.kz