Әбілқайыр Сқақовтың әлеуметтік желілердегі парақшаларын облыс әкімінің өзі жүргізетініне күмән келтірген павлодарлық азаматшаның сұрағына өңір басшысы толымды жауап берді.

- Барлық посттарды өзім жазамын, - деді Әбілқайыр Сқақов. – Жақында өткен журналистермен кездесу барысында әлеуметтік желіге шығамын деп уәде бергенмін. Жеке парақшаларымды аштым. Қазірде посттар жазып, сұрақтардың барлығын қарап шығып, өзім жауап беремін.

Облыс басшысы әлеуметтік желілердің көп уақыт алатынын айтып, онда көтерілетін тұрғындар мәселелері сапалы шешілгені үшін сұрақтарды баспасөз қызметі мен әкімдіктің өзге де қызметтеріне тапсыратынын айтты.

Айта кетейік, бүгінде Әбілқайыр Сқақовтың Instagram желісіндегі парақшасына 15 мың адам жазылған.

Айбек Жұматов

pavlodarnews.kz

Тэги: әлеуметтік желі, Әбілқайыр Сқақов, облыс әкімі