- Халқымыздың данышпан тұлғалары – Әбу-Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы, Алтын Орданың 750 және Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 75 жылдығы мерейтойларын атап өту мәселелерін айтқан жөн. Ата-бабаларымыздың көрегендігін, халқымыздың егемендікке ұмтылысын сипаттайтын осы елеулі оқиғаларды атап өту – біздер үшін үлкен мәртебе. Мен сіздерді ғылымдардың шексіз арнасын ашқан Әл-Фарабиге, жерімізді кеңейтіп рухымызды көтерген Алтын Орда батырларына, өмір шындығын әлі күнге дейін ашып келе жатқан дана Абайға және де басымызға бейбіт өмір сыйлаған Ұлы Отан соғысы жауынгерлерінің рухына бір адамдай жұмылып, тағзым етуге шақырамын, - деді Әбілқайыр Сқақов.

Облыс әкімі тойларымыз ысырапшылыққа айналуын, бабаларымыздың бізге қалдырған мирастың құндылығын ұғынып-сезіну қажеттігін айтты.

Өңір басшысының айтуынша, соңғы 3 айда Павлодар облысы 4 ардагерден айырылған.

- Біз биыл Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 75 жылдығын атап өткелі отырмыз, - деді Әбілқайыр Сқақаов. – Соңғы 3 айда Қазиз Әміренов, Сұлтанбек Байызбаев, Антонина Басова, Николай Сидренко сынды ардагерлеріміз көз жұмды. Олардың жақындары мен туысқандарына қайғыра көңіл айтамын. Отан үшін болған отты шайқастарда аман қалғандардың қатары күн санап азаюда. Бүгінде облысымызда 62 ардагер бар. Біздің міндетіміз – олардың әрқайсының алдында бас ию. Мен Еріктілер жылының келуімен аталған мерейтойлар одан ары қызықты тойланатынына сенімдімін.

Оразбек Саяхат

Фото: ашық көздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, ҰлыЖеңіс75жыл