Көш басында әдеттегідей, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сілтеме жасап.

 Екінші орында бірінші орта салмақта WBA Continental және IBF Inter-Continental титулдарына ие Батыр Жүкембаев орналасқан. Үздіктер үштігін орта салмақтағы WBO International чемпионы Қанат Ислам түйіндеп отыр. Отандық боксшылар арасында елеулі көрсеткішке Станислав Калицкий қол жеткізді. Ол тоғыздан бесінші орынға көтерілді. Бұл ретте, 22 жастағы спортшыда бірде-бір титул жоқ.

Ақпан айында үздік болған қазақстандық боксшылардың ТОП-ондығы (BoxRec рейтингінің ұпайларымен): 1. Геннадий Головкин (40-1-1) — 1276 2. Батыр Жүкембаев (18-0, 14 КО) — 197,5 3. Қанат Ислам (27-0, 21 КО) — 141,6 4. Виктор Коточигов (11-0, 4 КО) — 113,2 5. Станислав Калицкий (10-0, 3 КО) — 99,03 6. Нұрзат Сабыров (10-0, 9 КО) — 80,01 7. Жаңқош Тұраров (24-0, 17 КО) — 72,90 8. Нұрсұлтан Жаңабаев (8-0, 5 КО) — 63,78 9. Данияр Елеусінов (9-0, 5 КО) — 54,78 10. Айдос Ербосынұлы (13-0, 9 КО) — 50,73.

pavlodarnews.kz

Тэги: