Шарбақты ауданының әкімі Әзілхан Әбеуовтың айтуынша, есептік жылдың сүт сауымы 42 мың 952 тоннаға жеткен. 2018 жылы 40 мың 338 тонна немесе 106,5 пайызды құраған.

– Біздің ауданның мал шаруашылығы саласындағы жағымды жаңалығымен бөліскім келеді, – дейді Әзілхан Әбеуов. – Жыл соңында біздің «Победа» ЖШС бір сиырдан 6 000 литр рекордтық сауымға қол жеткізді. Кеңес үкіметі кезінде бұл көрсеткіш орташа алғанда бір сиырдан 2 300 литр шамасында болған. Тек «Победа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жеке инвестициясы 1 млрд 376 миллионды құрайды. Өткен жылы 600 га арналған суармалы учаскенің, бұзау қораларының құрылысы сияқты үлкен жобаларды іске асырды.

Аудан әкімі инвесторларды тарту бойынша ауқымды жұмыс атқарып жатқанын айтады. Өткен жылдың басынан сырттан инвесторлар тартылған.

– Жеке меншік инвестиция – бұл бизнес өкілдерінің аудан экономикасына жеке меншік қаражатын салуы, – дейді Әзілхан Әбеуов. – Есептік жылы бизнесмендер өз қаражатын көбірек сала бастады. «Шарбақты Жер» ЖШС Жылы бұлақ ауылдық округінде 3 мың басқа арналған бордақылау алаңының құрылысын қолға алған. Инвестиция сомасы – 915 млн теңге. 3 жылдың ішінде осы кәсіпорын 3 млрд теңгеге жуық инвестиция салуды жоспарлап отыр. «Байзақов» ШҚ Бөріктал ауылында инвестицияның жалпы сомасы 120,0 млн теңгеге мал шаруашылығы базасын қалпына келтірмек.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: inform.kz

 

pavlodarnews.kz

Тэги: ауыл шаруашылығы, қоғам, Павлодар облысы