Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі мәлім етті.

-  Октябрьская көшесінде  тұрғын үйге жапсарлас салынған кірпіш монша мен қазандықтың төбесі,  ағаш құрылымдар, қабырғалары жанып кетті. Жалын 18 шаршы метр аумақты қамтыған. Оқиға орнында жеті адам мен екі техника жұмыс істеді, - дейді департаментте.

Сондай-ақ Солтүстік өндірістік аумақта «Берлога» қонақүй кешеніне жапсарлас салынған  монша мен  от жағатын орында 25 шаршы метр аумақта төбесі мен ішіндегі қаптама жанған. Өртті сөндіруге 18 адам мен 4 техника шықты.

Екі жағдайда да өрттің шығуына пешті қолдану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамау себеп болған.

- Келтірілген шығын көлемі анықталуда. Аталмыш фактілерге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, - дейді  баспасөз қызметінде.

 

Ақбота Сейсенбаева

Фото: sputniknews.kz

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, оқиға, өрт