Бұл туралы 24.kz тілшісі хабарлайды

Ұйытқыған желдің жылдамдығы сағатына 146 шақырымға жеткен. Аймақта жаңбыр жауып, елді мекендерде тасқын жүрді. Осыған байланысты жүзден аса әуе рейсі кейінге шегерілген. Пойыз қатынасы да тұралапты. Қазір жергілікті билік 500-ден астам елді мекеннің тұрғындарына су басу қаупі туғанын ескертіп жатыр. Айта кетейік, осыдан бір апта бұрын ғана Ұлыбритания жағалауына «Киара» дауылы соққан еді. Салдарынан жүздеген үйді басып, 500 мыңдай тұрғын жарықсыз қалған болатын.

pavlodarnews.kz

Тэги: