Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында Ақтоғай ауданының әкімі Қаршыға Арынов мәлім етті.

- 2019 жылы Ақтоғай ауданында «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалары аясында жүзеге асырылған шараларға 2924 адам қатысты, - деді Қаршыға Арынов. – Ақтоғай ауданында «Туған жер» арнайы жобасы шеңберінде 3 робототехника кабинеті, 4 «Рухани жаңғыру» кабинеті, 6 домбыра кабинеті, 1 «асық ату» кабинеті, Әуелбек ауылында 1 коворкинг орталығы, 10 атаулы кабинет пен музей ашылды.

Спикердің айтуынша, ауданда демеушілердің қаржысы есебінен Ұлы Отан соғысы жылдарында қайтыс болған жауынгерлердің құрметіне 400 мың теңге бөлініп, ескерткіш бой көтерген.

Сонымен қатар, «Қазақ алфавитін латын қарпіне ауыстыру» арнайы жобасы шеңберінде ауданда қазақ тілінің курстары ұйымдастырылды. Ақтоғай, Қараоба, Ақжол, Жалаулы ауылдарында, Ақсу - Ақтоғай және Ақтоғай - Ертіс елді мекендерінің шекараларында латын қарпінде стеллалар орнатылды.

- «Қазақстанның қасиетті географиясы» арнайы жобасы шеңберінде аудан мектептерінің оқушылары үшін демеушілердің қаржысы есебінен Түркістан қаласы, Нұр-Сұлтан қалаларына экскурсиялық турлар ұйымдастырылды. Оқушылар Исабек Ишан хазірет, Баянауыл ауданынының қасиетті жерлері мен Абай Құнанбаевтың өңірінде болды, - деді аудан әкімі.

«Жерұйығым – Жаңабет» жобасы шеңберінде Мүткенов ауылдық округінің Жаңабет ауылында жастар саябағы ашылды. Өтес ауылында демеуші Қуат Есімхановтың қаржысына Бәтес Иманқұловқа ескерткіш орнатылды.

Аудан әкімі 2020 жылы ауданда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 50-ден астам шара мен жоба жоспарланғанын атап өтті.

- Аудан орталығында Кеңес Одағының батыры Серікбай Мүткеновке бюст орнатылып, ескерткіш аумағы абаттандырылады. Аштық пен репрессия құрбандарына арналған ескерткіш бой көтермек. Сондай-ақ Ақжол ауылында Даңқ ескерткіші, Қараоба, Басқамыс ауылдарында жастар аллеясы ашылады, - деді Қаршыға Арынов.

Оразбек Саяхат
Фото: ӨКҚ

pavlodarnews.kz

Тэги: Ақтоғай, аудан, Рухани жаңғыру, Рухани