Облыстық конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының мәлімдеуінше, семинар барысында БҰҰ құрамына кіретін елдер үшін шетелдік әскери террористердің репатриациясына, реинтеграциясына арналған кеңейтілген отырыс өтті.

ЕҚЫҰ өкілдерінің айтуынша, Қазақстан террористерді эвакуациялау және оңалту бойынша жетекші орында тұр. Бүгінгі таңда террористік белсенділік аймағынан 850 адам эвакуацияланған. Оның ішінде 600-і Қазақстанға тиесілі.

Павлодар облысының конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының басшысы Гүлназ Раздықова әскери іс-қимылдар аймағынан қайтарылған әйелдер мен балаларды оңалту туралы айтып берді.

- Қазақстанда бұл жұмыс екі кезеңде жүргізілді. Бұл Каспий теңізінің жағалауындағы Ақтау қаласындағы карантиндік кезең және екінші кезең бүгінгі күні жалғасуда. Өйткені бұл әйелдерді оңалту әлі аяқталған жоқ және бұл жұмыс белгілі бір уақытты алады. Бұл әйелдер бір ай немесе бір апта ішінде террорист болған жоқ, Сирияда 6-7 жыл өмірін өткізген әйелдер бар. Қазір процесті кері бұру үшін көп уақыт қажет. Бүгінгі таңда біз мінез-құлықтарындағы өзгерістерді байқаймыз, бірақ когнитивтік дүниетанымдық өзгерістер бәрінде байқалмайды, - деп Гүлназ Мақсұтқызы.

Сарапшының айтуынша, қоғамда мұндай әйелдерге қатысты белгілі бір стигмалар бар және адамдарда олар туралы теріс түсінік қалыптасқан. Қайтарылған әйелдердің бастапқы қарым-қатынасы ерлермен емес, әйелдермен болуы тиіс, өйткені олар зайырлы қоғамнан ұзақ уақыт оқшауланды. Теолог, психолог ер адамдар кейінірек, яғни әйелдер жаңа жағдайларға бейімделгенде ғана жұмысқа қосыла алады.

- Біз ұзақ уақыт осы адамдарды құбыжық етіп көрсеттік, ал енді оларды қоғамның қабылдағанын қалаймыз. Қазір біз әріптестерімізбен осы қоғамдық стигмаларды еңсеру бойынша үлкен жұмыс жүргізудеміз. Кейбір адамдар қайтып келгендерге қатысты сенімсіздік білдіргеніне қарамастан, оңалту мүмкін екенін айтады. Бұл жұмыс Қазақстанда жүргізіліп жатыр және белгілі бір нәтижелерге ие болып отыр, - дейді Гүлназ Мақсұтқызы.

Талқылау барысында сарапшылар «Жусан» арнайы операциясын медиалық сүйемелдеу және адамдарды одан әрі оңалту тәжірибесі бойынша сұрақтар қойды. Қазақстанның тәжірибесі бойынша спикер мұндай іс-шараларды өткізу алдында журналистер пулын оқыту, тіпті кейіннен аккредитациялау қажет екенін атап өтті. 

Қазақстандық мамандардың тәжірибесі репатриация процесін әлі бастамаған мемлекеттердің өкілдерінің үлкен қызығушылығын туғызды.

Фото:  carmo-pvl.kz

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам