Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Ақтөбе қаласының №2 Астана аудандық полиция бөліміне 52 жастағы тұрғын арыз түсірді. Қала көшелерінің бірінде орналасқан дүкенде бейтаныс әйел сөзге тартып, дуа қайтаруға уәде берген. Сөйтіп оның алтын бұйымдары мен теледидарын алдап алып кеткен. Шығын көлемі – 180 500 теңге.

«Күдікті алтын бұйымдардың адам ағзасына зиян екенін айтып, барлық әшекейін шешіп алған. Сонымен қатар пәтеріне барып, теледидарын, ақшасын алып кетті. Жәбірленуші балгермен сөйлескен кезде психологиялық тәуелділікке ұшырап, оның бар айтқанын орындадым деп отыр. Полиция қызметкерлері жедел іздестіру кезінде 35 жастағы қала тұрғынын ұстады. Одан теледидар тәркіленді. Ал алтын бұйымдарды ломбардқа тапсырып үлгерген. Ақша жұмсалып кеткен. Қазір осы оқиға бойында Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабы бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Айта кетейік, облыстық полиция департаменті дәл осы жолмен алданған ақтөбеліктер болса №2 Астана аудандық бөліміне хабарласуын сұрайды.

pavlodarnews.kz

Тэги: