Павлодар қаласының №2 соты Жаңаауыл ауылында тоқ соғу салдарынан қаза тапқан 2004 және 2006 жылы туған екі жасөспірімнің өліміне айыпталушыға үкім шығарды.

№2 қалалық сотта Павлодар қаласының сәулет бөлімі басшысының бұрынғы орынбасары Тимур Айдархановқа, «Арыся» ЖШС мердігерлік ұйымының басшысы Айтжан Сеисовқа және «ПРЭК» АҚ бас инженері Сергей Кириленкоға айыптау үкімі шықты.

Сот Айтжан Сеисовты ҚР ҚК-нің 254-бабында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған қауіпсіздігі барынша төмен қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеумен бір жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады.

Осындай мерзім, бірақ ҚР ҚК-нің 371-бабы 2-тармағы бойынша Тимур Айдархановқа белгіленді.

Сергей Кириленко ҚР ҚК 254 және 104-баптарымен қарастырылған қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

- Оған ең төменгі қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеумен бір жыл және алты ай жаза тағайындау ұсынылды, - деп үкім шығарды судья Жұлдыз Тілегенова.

Үшеуі сот залында қамауға алынды. Қайтыс болған балалардың отбасыларына моральдық зиянды өтеу есебіне сот Сейісов, Айдарханов және Кириленкодан 5 млн теңгеден өндіріп алу туралы қаулы етті.

Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға 2019 жылы қыркүйек айында Жаңаауыл ауылында болған. 2006 және 2004 жылы туған ағайынды екі бала қоршалған спорт алаңының аумағында ойнап жүрген. Жасөспірімдердің ата-аналары балалар үшін қауіпсіз орын екеніне күмән келтірмеген.

Алайда жеткіншектер төрт метрлік темір қоршауға түсіп, 6 мың вольт кернеулі кәбілді кездейсоқ іліп әкеткен.

Нәтижесінде екі жасөспірім де өмірмен үйлеспейтін жарақаттар алды.

12 жастағы қайтыс болған жасөспірімдердің бірі - Расулдың анасы Светлана Саденова сотталушылар орындығында көп адам болуы тиіс екенін айтады.

- Сотталушылар орындығында көп адам болуы керек. Бұл үш адамның ғана ісі емес. Біз осымен тоқтамаймыз, әрі қарай «Спортсервис», жер қатынастары комиссиясына, дене шынықтыру және спорт бөліміне хабарлайтын боламыз. 25 ақпанда бұл мәселені Президент Әкімшілігінде көтереміз, себебі олар арқылы бірдеңе қозғалады. Адамдарды отырғызды, олардың балалары, немерелері бар, ал олар біздің балалар туралы ойлады ма? Барлық жерде түсінбеушілік, есіктер жабық. Біздің көптеген шағымдарымыздан кейін ғана ісіміз орнынан жылжыды. Астанаға алты рет бардық, - деп мәлімдеді Светлана Саденова.

«ПРЭК» АҚ-ның үйішілік электр желілері қалалық кәсіпорнының директоры Олег Клочков жұмыс істеп тұрған алаңдар бойынша бұзушылықтарды жою қажеттігіне сенімді.

- Сергей Кириленконы соттады. Оның орнына кім келеді? Бас инженер лауазымы өте күрделі, - деп есептейді Олег Клочков. - Барлық алаңдар туралы айғайлап хабарлаймыз, бірақ ешқандай шара қабылданбайды. Біз оларға тек хаттар жазу арқылы ғана әрекет ете аламыз. Оның ішінде әкімдік те бар, бірақ олар жауапсыз қалады. Мұндай жағдайда құрылыс салушылар мен құрылысты пайдалануға рұқсат бергендер де кінәлі.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам