Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

Қазақ боксшымен амеркиалық Димитриус Баллард (20-0-1, 13 КО) жекпе-жекке шығуға келісті. Желтоқсанда ол АҚШ-тың Коста-Меса қаласында орта дивизионда бос болған NABF тұжырымы бойынша Солтүстік Амеркиа чемпионы титулы үшін бразилиялық Ямагучи Фалькаомен (16-1-1, 7 KO) он раундты жекпе-жекте тең түсті. Осылайша, белбеу сол күйде иесіз қалды.

Ал Әлімханұлы кейінгі рет рингке 10 қараша АҚШ-тың Фресно қаласында шығып, канадалық Альберт Онолуносені (24-3-1, 8 КО) алтыншы раундта нокаутқа түсірген.

Әлімханұлы - Баллард жекпе-жегі 28 наурыз Квебектегі бокс кешінде өтеді. Бұл бокс кешінің басты кезедсуінде жартылай ауыр салмақта IBF және WBC чемпионы ресейлік Артур Бетербиев (15-0, 15 КО) қытайлық Мэн Фаньлунмен (16-0, 10 КО) жұдырықтасады.

Айта кетейік, мұның алдында Top Rank прмоутерлері Жәнібек Әлімхаұлына қарсылас іздеуде қиындыққа тап болған еді. Промоутерлер бірнеше боксшыға байланысқа шыққан екен, оның ішінде канадалық Стив Роллс (20-1, 11 КО) бар. Алайда олардың бәрі жекпе-жектен бас тартқан.

pavlodarnews.kz

Тэги: