Мекеме директоры Ләззәт Исакаеваның айтуынша, балалар үйінде барлығы 35 түрлі үйірме бар. Оның ішінде «Креативті көзқарас» деп аталатын қолөнершілер тобында жас өрендер түрлі туындылар жасайды.

- 2012 жылы ашылған мұражайға Владимир Косарик пен Любовь Вешимованың жетекшілігімен  балалар өздерінің жұмыстарын әкеледі. Мәселен, Нью-Йорктегі Азаттық мүсінін дайындауға екі апта уақыт кетсе, шырағданға төрт ай  жұмсалды. Бұдан басқа, бисер және табиғи материалдардан ойыншықтар мен ескерткіштер дайындайды. Туындылардың тақырыбын ұстаздар оқушылармен бірлесіп таңдайды. Соңғы бес жылдың ішінде  ағаштан ойып жасалған жұмыстардың саны 150-ден асқан. Оның ішінде көбі сыйға тартылды. Мұндай жұмыстар үлкен төзімділік пен еңбекті талап етеді. Дегенмен біздің тәрбиеленушілер әрбір туындыға ерекше көңіл бөледі, - дейді Ләззәт Исакаева.

Айта кетерлігі, бүгінгі таңда мұнда 7-18 жас аралығындағы 92 жеткіншек тәрбиеленуде. Жас өрендер «BI Жұлдызай 2016» XI мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған республикалық балалар шығармашылығы фестивалінде, "Жасыл планета - 2016" XIV халықаралық балалар экологиялық форумында өз жұмыстарын ұсынып, бірінші және екінші дәрежелі дипломдармен марапатталған. 

Ақбота Сейсенбаева

 Суреттерді облыстық білім беру басқармасы мен  Песчан арнайы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты ұсынды

pavlodarnews.kz