Өңірлік коммуникациялар қызметінде Екібастұз әкімі Ержан Иманзайыпов 2020 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынатын іс-шаралар туралы ақпарат берді.

- Биыл Исабек Ишан кесенесіне электр жеткізу желілерін тартамыз, - дейді Ержан Иманзайыпов. – Осы мақсатқа қалалық бюджеттен 65 миллион теңге бөлінеді. Мердігер ұйым белгіленді. Ол -талдықорғандық ABC-ELECTRIC ЖШС.

Одан бөлек, Екібастұз әкімінің айтуынша, биыл кесене мен оның маңы абаттандырылмақ. Бұл жұмыс демеушілер қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Нәтижесінде Исабек Ишан хазірет ескерткішіне келетін туристер саны артады деп күтілуде.

Айбек Жұматов

Фото: ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: Рухани жаңғыру, Екібастұз, Ержан Иманзайыпов, Исабек Ишан