Бұл туралы Қазгидромет РМК хабарлайды деп BAQ.KZ тілшісі жазды.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде қар жауады, түнде желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, кей жерлерде 15-20 м/с.

Қостанай облысында қар жауады, тұман, көктайғақ, желдің күші 15-20, түнде екпіні 23-28 м / с.

Ақмола облысында кей жерлерде қар жауады, жел, түнде 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с, күндіз 15-20 м/с күшейеді. Павлодар облысында кей жерлерде қар жауады, көктайғақ болады, желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м / с.

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде қар жауады, тұман түседі, желдің күші 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды облысында кей жерлерде тұман түседі, түнде жел 18 м / с күшейеді. Батыс Қазақстан, түнде және таңертең Алматы облыстарында кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі.

Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Түркістан облыстарында кей жерлерде тұман күтіледі.

Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түседі, жел 15-20 м/с күшейеді.

pavlodarnews.kz

Тэги: