Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.

Ет бағыты бойынша мемлекеттің қолдау сүт бағытына қарағанда көп болды. Фермерлер мұны түсінеді. Қазіргі кезге дейін елімізден 156 мың тірі мал экспортталды. 2011 жылдан бері біз 130 мыңға жуық шетелдік селекциядағы мал әкелдік. Ал біз бір жыл ішінде 156 мың тірі мал шығардық. Бұл қандай сан екенін түсінген шығарсыздар, - деді Айдарбек Сапаров.

Оның сөзінше, осы уақытқа дейін қыруар жұмыс жасалды, сондықтан тірі малды экспортқа шығаруға мүлдем болмайды.

Бүгінде біздің міндетіміз – қайта өңделген өнімді экспортқа шығару. Біз осы бағытта жұмыс істейміз. Иә, ет бағасы Өзбекстанға қарағанда 100-120 теңгеге жоғары. Сондықтан біз фермерлерге субсидияны қалдырдық. Сондықтан барлық фермерлерді сабырға шақырамын. Ешқандай проблема болмайды. Олар бір килограмм ет үшін 200 теңге субсидия алады. Осы арқылы біз ішкі ет нарығын қамтамасыз етеміз, - деді вице-министр.

Айта кетейік, бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өткен еді.

pavlodarnews.kz

Тэги: