Бұл туралы  облыстық  әкімдікте өткен мәслихаттың сессиясында өңірлік денсаулық сақтау басқармасы басшысының м. а. Гүлнар Жармакина мәлім етті.

-    Оның ішінде Ақсу қаласында - 9,4% (32), Екібастұз қаласында – 17% (58), Павлодар қаласында – 51% (173  жағдай),  - деп атап өтті Гүлнар Жармакина. - Бұл ретте Ақсу қаласында туберкулез аурушаңдығының көрсеткіші төмендемей тұр және 100 адамға шаққанда 71 жағдайдан келеді. Павлодар қаласында сырқаттанушылық деңгейі 2,8%-ға (100 мыңға 50,2) артқан, абсолюттік сандарда 168-ден 173-ге дейін өсті. Бұл ретте өсу №1 емхананың қызмет көрсету аумағында 30-дан 37-ге дейін, №3 емхананың қызмет көрсету аумағында 33-тен 37-ге дейін байқалады, №5 емхананың қызмет көрсету аумағында 33 жағдай жоғары болып қалуда.

Нормативтік құқықтық актілерге сәйкес, туберкулез ауруымен ауыратын және емделуден қасақана жалтарған науқастар сот шешімімен Ақсу қаласының туберкулезге қарсы бөлімшесіне мәжбүрлеп емдеуге рәсімделеді.  Есептік жылы емделуден жалтарған науқастардың саны 35 адамды құрады. Оның ішінде 35 науқас (2017 жылы - 51, 2018 жылы - 36 адам) сотталған және емдеуге тартылды.

Ақбота Сейсенбаева
Фото: ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: