Павлодар әкімі Қайрат Нүкенов атап өткендей, бастапқыда павлодарлықтардың Абай Құнанбаевтың Шығыс Қазақстан облысындағы Жидебай қорық-музейіне баруы 2020 жылдың қаңтарына жоспарланған еді. Алайда ауа райының қолайсыздығынан бұл бастама кейінге шегерілді.
 
- Бірінші делегация сәуір айында жол жүреді, - деді Қайрат Нүкенов. – Ол үшін 3 автобус жалдайтын боламыз. Делегация құрамына қаламыздың зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, өнер иелері мен мектеп оқушылары енеді.

Қайрат Нүкеновтің айтуынша, Абай Құнанбаевтың отанында павлодарлықтар түрлі мәдени іс-шараларға қатысып, өз өнерлерін көрсетеді.

Айбек Жұматов
Фото: ӨКҚ

pavlodarnews.kz

Тэги: