Берілген жоба аясында көрермендер қырқыншы жылдардағы отты тарихи ерліктің бір кезеңдерімен танысады. Әр мектеп Ұлы Отан соғысына арналған әндерге көрініс сахналайды және Жеңіс алауы келесі қатысушыларға тапсырады.

- Акцияның ашылуында № 5, 6, 27, 2, 14 мектеп оқушылары сөз сөйледі, - дейді білім беру бөлімінің маманы Балжан Әділханова. - № 5 және 27 ЖОМ оқушылары қойылымдарын миллиондаған тұрғындар өмір сүрген және қайтыс болған қоршауға алынған Ленинградқа арнады. № 2 ЖОМ оқушылары И. В. Панфилов басқарған 316-ші дивизияның Мәскеу түбіндегі шайқасы және ерлігі туралы айтып берді. № 14 мектеп оқушылары Курск доғасындағы қанды шайқастар, «Панфиловшылар» іздеу отрядының жұмысы, солдат сүйектерінің Отанына оралуы туралы айтып, мектептің Жауынгерлік Даңқ мұражайының экспонаттарын ұсынды. Көрсетілген қойылымдардың қорытындысы бойынша № 5, 27, 14 мектеп оқушылары 2-ші турға қатысады.

Акция аяқталғаннан кейін Павлодардың іздестірушілері әкелген мәңгілік оттың капсуласы №16 мектепке салтанатты түрде тапсырылды.

«Панфиловшылар» іздеу жасағы командирінің орынбасары Рафаэль Мұхамеджанов шақырылды. Ол оқушыларға Бресттен әкелінген Мәңгілік оттың бір бөлік капсуласын берді.

Акция 2020 жылғы 19 ақпан мен 25 наурыз аралығында өткізіледі, қала мектептері 5 топқа бөлінді.

 

 

pavlodarnews.kz

Тэги: