Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

19 жастағы форвард Б Сегундасында мадридтіктердің жастар командасы - "Кастильо" сапында "Сан-Себастьянмен" қарсы ойын кезінде қызыл қағаз алды. Ойынның 87-ші минутында ол екінші голды салып, командасына жеңіске жетуге көмектесті (2:0).

Осы голдан кейін Родриго қарсылас команданың қақпашысы алдында жеңіс қимылдарын көрсетті. Осыған байланысты төреші алдымен сары қағаз көрсетіп, кейін тіпті алаңнан қуды.

Ойын басында "Сан-Себастьян" ойыншысының газонда жатқанын көруге болады, голкипердің әрекетіне де осы әсер еткен болар.

pavlodarnews.kz

Тэги: