Бұл туралы ҚР Жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметі мәлім етті.

- Қазақстан кубогі Өскемендегі Ольга Рыпакова атындағы кешенде өтті, - деді баспасөз қызметінде. – Республикалық жарысқа Батыс Қазақстан және Ақтөбе облысынан басқа өңірлердің барлығы қатысып, 149 спортшы сынға түсті. 99 ер мен 50 әйел жарыс жолына шықты.

Павлодар облысының жеңіл атлеттері қоржынға 5 қола, 2 күміс, 3 алтын медаль салды.

Ерлер арасындағы команда 200 және 400 метрлік эстафетада 1-орын иеленді. 400 метрге жүгірген Александр Безруков күміс медаль, Вячеслав Семенчук ядро лақтырудан және Даниял Оспан 60 метрге жүгіруден қола медаль еншіледі.

Әйелдер арасында бақ сынаған Роксана Оспанова 60 метрге жүгіруден қола медаль алса, 60 метрге кедергілер арқылы жүгіруден алтын медаль жеңіп алды.

60 метрге кедергілер арқылы жүгірген Анна Дубина болса, үздік үштікті қорытындылады. Ал, Ольга Богомолская 1500 метрде қола, 3000 метрде күміс медаль тағынды.

Айта кетейік, жабық кешендегі Қазақстан кубогінде Павлодар облысынан 17 спортшы жарысқа шықты.

Оразбек Саяхат
Фото: @qazathletics

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, жеңіл атлетика, спорт