Облыстық туризм және спортты дамыту басқармасының маманы Нұрсұлтан Әбікешев хабарлағандай, жарысқа еліміздің 7 өңірінен барлығы 150 спортшы қатысты.

- Аға жаттықтырушы Наталья Зигалова бастаған Павлодар облысы командасының құрамы біраз жаңарғаны себепті командамыз одан да жоғары орындар үшін күресе алмады, - дейді Нұрсұлтан Әбікешев. – Облыс спортшылары жалпыкомандалық есепте 4-орында тұрақтады. Десек те, өңір спортшылары 1 алтын, 1 күміс және 5 қола медальді мойындарына тақты.

Атап айтсақ, жерлесіміз Максим Мазепа 10 метрлік қашықтықтан пневматикалық қарудан ату жөнінде үздік атанды. Жүлдегерлер қатарынан Илья Федин, Елизавета Пушкарева, Руслан Зағитов, Александр Лепешко, Ермұхан Еренғайыпов пен Кирилл Федькин де көрінгенін айтып өту керек.

Айбек Жұматов

pavlodarnews.kz

Тэги: оқ ату спорты, Қазақстан чемпионаты, облыстық туризм және спортты дамыту басқармасы