Жақында облыс әкімінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалған Сұңғат Есімханов 1973 жылы 30 қарашада Павлодар облысында дүниеге келген. 1996 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін, 2007 жылы «Болашақ» Қарағанды өзекті білім беру институтын тәмамдаған.

Еңбек жолын 1996 жылы «Қазақстан алюминийі» АҚ гидрометаллургиялық цехында инженер болып бастаған. Кәсіпорында төрт жыл еңбек еткеннен кейін мемлекеттік қызметке ауысқан. 2018 жылдан ҚР энергетика вице-министрі қызметін атқарған.

Одан бөлек, облыстық әкімдіктің Telegram парақшасындағы ақпаратқа қарағанда, Ertis ФК директоры болып Нұрлан Ысқақов, ал клубтың спорттық директоры лауазымына Дмитрий Васильев тағайындалды.

Айбек Жұматов

Фото: Валерий Бугаев

pavlodarnews.kz

Тэги: Ертіс ФК, Ertis ФК, футбол, спорт, ҚПЛ, Премьер-Лига