Ел біріншілігінде 12 команда бақ сынады. Әр команда сапында 6 спортшы ойынға қатысты. 5 – негізгі, 1 – қосалқы ойыншы.

- Чемпионат барысында Қостанай облысының командасына ғана есе жібердік, - деді тоғызқұмалақтан Павлодар облысының аға жаттықтырушысы Арыстан Қапаев. – Чемпион атанған Түркістан облысымен тең түстік. Командамыз ойдағыдай өнер көрсетті.

Павлодар облысының командасы құрамында Мәдина Қарақұлова, Роза Райымбекова, Аяжан Егінбай, Әсел Темірханова, Жәмилә Байылдашева, Анастасия Фоос сынға түсті.

Айта кетейік, жарыс қорытындысы бойынша Түркістан облысы 1-орынды, Қостанай облысы 2-орынды еншілесе, Павлодар облысының құрамасы 3-орынға ие болды.

Оразбек Саяхат

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, тоғызқұмалақ, спорт