Қалалық ТҮКШ, ЖК және АЖ көлік секторының меңгерушісі Гүлнар Әмірәлина хабарлағандай, келісім-шарттарға сәйкес, көліктік компаниялар льготтық санаттағы жолаушыларға қызмет көрсетуге міндетті.

- Егер 1 наурыздан бастап жолаушылар тасымалдаушы фирмалар жеңілдіктері бар азаматтарды тасымалдаудан бас тартса, бұл мәселені заңнамаға сәйкес шешетін боламыз. Яғни, егер компаниялар келісім-шарттардағы міндеттерін орындамаса, құжаттардың күші тоқтатылады, - деді Гүлнар Әмірәлина.

Мәселен, 2019 жылдан тасымалдаушы компаниялар 17 санат бойынша азаматтарға тегін, льготтық негізде қызмет көрсетеді. Азаматтардың 10 санаты бойынша жол жүру тасымалдаушылар есебінен өтеледі:

- Мүгедектер мен ҰОС қатысушылары;
- «Ленинград қорғанысы» медалі, «Ленинград тұрғыны» белгісімен марапатталған азаматтар, концлагерьлер, гетто және өзге де күштеп ұстау орындарының кәмелетке толмаған тұтқындары;
- 16 жасқа толмаған мүгедек-балалар серігімен;
- Павлодар қаласының Құрметті азаматтары, облыстық және республикалық дәрежедегі зейнеткерлер;
- Балаларының жасынан қарамастан, «Күміс алқа» және «Алтын алқамен» марапатталған аналар, бұрынғы КСРО батыр аналары;
- Басқа мемлекеттердің аумағында соғысқа қатысқан тұлғалар, оның ішінже Ауған соғысына қатысушылар;
- Ауғанстанда көз жұмған жауынгерлер ата-аналары;
- Бейбіт уақытта әскери қызмет ету кезінде мерт болған әскери қызметшілердің отбасылары.

Оған қоса, келесідей 7 санаттағы азаматтардың жол жүрісі бюджет тарапынан өтеледі:

- Жасына байланысты зейнеткерлер;
- ІІ санаттағы мүгедектер;
- Жетім балалар;
- АӘК алушылар отбасыларынан шыққан студенттер;
- Көпбалалы отбасылардан шыққан студенттер;
- Көпбалалы аналар;
- Көпбалалы отбасылар балалары.

Аталған санаттағы павлодарлықтардың жалпы саны 70 мың адам шамасында. Былтыр мұндай адамдардың жол жүруін өтеу үшін мемлекеттен 335 млн теңге бөлінсе, биыл оған 343 млн теңге бөлінді.

Айбек Жұматов

Фото: автор

pavlodarnews.kz

Тэги: көлік, жолаушылар, жеңілдік, ТҮКШ