Әлеуметтік желіде апат орнынан бейнежазба пайда болды. Жазбада аударылып қалған көлік көрінеді.

- 47 жастағы Mitsubishi Grandis автокөлігінің жүргізушісі Нұрсұлтан Назарбаев даңғылымен жүріп келе жатып тізгінінде 35 жастағы жүргізуші отырған Лада-2114 көлігін соққан. Оқиға нәтижесінде «Лада» көлігіндегі 2018 жылы туылған қыз бала жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді, - деді Павлодар облысының полиция департаментінде.

Департаменттің мәлімдеуінше, екі көлік те айып тұрағына қойылды. ЖКО бойынша тексеру жүргізілуде.

Фото: @Kolesa_pavlodara

pavlodarnews.kz

Тэги: