Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ облыстық филиалының директоры Владимир Питраковтың берген мәліметі бойынша 2019 жылы қор өңірімізде барлығы 11 млрд теңге шамасында қаражат төленген.

- Сақтандыру компаниясына жалпы сомасы 10,9 млрд теңгеден астам зейнетақы төлемдері мен аударымдары жүргізілді, - дейді Владимир Питраков. – Оның ішінде зейнет жасына толуға байланысты 2,8 млрд теңге, шетелге тұруға кетуге байланысты 5,8 млрд теңге, мұрагерлік бойынша 1,5 млрд теңге төленді. Жалпы облыс бойынша салымшылардың жинақтаған қаражатының жалпы сомасы 524 млн теңгеге тең.

Филиал басшысының айтуынша, «БЖЗҚ» АҚ 2019 жылы 314 мың қазақстандыққа 210 млрд теңгеден астам қаражат төлеген. Ай сайынғы орташа өтемақы 21165 теңгені құраса, ең үлкен ай сайынғы төлем 514 мың теңгеден асты.

Айбек Жұматов

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

pavlodarnews.kz

Тэги: зейнетақы, зейнеткер, Владимир Питраков, БЗЖҚ