Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Қазір Ұлттық экономика министрлігі «Бизнеске арналған Үкімет» жобасын әзірлеп жатыр. Премьер-министр бұл жоба елімізде кәсіпкерліктің дамуына оң серпін береді дейді. Сондықтан оны жауаптылар 1 шілдеге дейін әзірлеп бітуі керек. Жоба жүзеге асса, кәсіпкерлер үшін бірыңғай терезе арқылы мемлекеттік қолдау алу тәртібі біршама жеңілдетілмек.

Асқар Мамин, ҚР премьер-министрі:

– Өткен бес жылда бизнес үшін әкімшілік кедергілерді, әртүрлі операциялық шығыстарды қысқартуға бағытталған жеті заңнамалық бастамалар топтамасы қабылданды. Қазір Парламентте сегізінші түзетулер топтамасы қабылданып жатыр. Жалпы бизнесті дамытуға бағытталған бағдарламалар өзінің тиімділігін көрсетіп отыр.

pavlodarnews.kz

Тэги: