Қала тұрғыны Людмила Полищуктың айтуынша, иттер ешкімге зиян келтірмейді. Ал, кейбіреулерін шығаратын иелері бар.

- Біздің және балаларымыздың көзінше иттер атылады, - дейді Людмила Полищук. – Бейшара ит қашып, бір жерде өледі. Бұл - мүлдем қатал көрініс. Неге біздің балаларымыз мұны көруі керек деген сұрақ туындайды. Ал өлген иттерді атушылар алып тастамайды. Көктемде өлекселер шіри бастайды, жағымсыз иіс пен құрт-құмырсқалар пайда болады. Мысалы, Темір жол кентінде сұр иттің өлексесі бір ай бойы жатыр. Біз мұңдай көріністі күнде көргіміз келмейді.

Департамент басшысы ҚР Қылмыстық кодексінде «Жануарларға қатыгездік жасау» атты бап бар екенін атап өтіп, осы бап аясында мәселе шешімін табатынан айтты. Нұрлан Мәсімов қарамағындағыларға иттерді кім және неге ататынын және өліктерді көшеде қалдыру мәселесін анықтап, шешуді тапсырды.

Айгүл Жүсіпова 

Фото: ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: