Бұл туралы BAQ.KZ тілшісі хабарлайды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өзінің Қазақстан халқына жолдауында және "Ұлытау - 2019" халықаралық туристік форумында Алтын орданың 750 жылдығын мерекелеу аясында бірқатар жұмыс жасау керектігін атап өткен еді. Туризмді дамытуға айрықша мән беріледі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, дөңгелек үстелдің мақсаты - өскелең ұрпаққа ата-бабамыздан мұра болып қалған ұлы даламызда орын алған тарихи оқиғалар мен Қазақ даласында осыдан сегіз ғасыр бұрын құрылған алып империя Алтын Орда мемлекетінің тарихын дәріптеп, таныстыру.

Шара аясында ҚР Ұлттық кітапхана қорынан "Алтын Орда мемлекеті – Ұлы дала өркениеті" атты тұрақты кітап көрмесі ұйымдастырылған. Кітап көрмесі “Алтын орданың құрылуы”, “Алтын орда туралы тарихи-ғылыми кітаптар", “Алтын орда хандары", “Алтын орда кезіндегі қалалар”, “Алтын орда дәуіріндегі әдебиеттер", "Алтын орда туралы әдебиеттер"тақырыбындағы алты бөлімнен тұрады.

Көрмедегі ең көне кітап В. Бартольдтің зерттеу еңбегі, Марко Полоның Қарақорымға барғаны туралы еңбектері қойылды. Мұхаммед Хайдар Дулатидің, Құрбанғали Халидтің Шыңғыс әулеті туралы жазып қалдырған еңбектері қойылды. Сондай-ақ, Бату ханнан бастап Берке, Өзбек хан, Тоқтамысқа дейінгі кітаптар қойылды. Алтын Орда тұсындағы қалалар туралы да кітаптар бар, мәселен Сарайшық, Сауран, Сарай Бату, Сарай Берке сияқты археологиялық зерттеу жұмыстары қойылды, - дейді кітапхана маманы Ықылас Шалғынбай.

Сондай-ақ, көрмеге “Мәдени мұра” бағдарламасы аясында шетелдегі кітапханалардан жеткізілген Алтын Орда хандарының хаттары да қойылған.

Шараға белгілі қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері, тарихшылар мен ақын жазушылар қатысып жатыр.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: