Петропавл қаласында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Өлең - сөздің патшасы» атты аймақаралық мүшәйра өтті.

Байқауға 40-тан астам ақын өз өлеңдерін жолдаған. Соңғы кезеңге өткен 12 ақын жүлдегер атанып, Петропавл қаласында марапаттарына ие болды. 12 ақынның ішінде бас жүлдені Жарқынбек Амантай еншіледі.

- Мүшәйраның ережесі бойынша 2 өлең жолдадық, - деді Жарқынбек Амантай. – Оның бірі ұлы ақынымыз Абайға арналса, екіншісі еркін тақырыптағы өлең болды. Қатысушылардың қатарында Қуаныш Оспанов, Таңсәуле Әгенқызы, Салтанат Қайырбек, Нұргүл Оқашева сияқты елімізге белгілі ақындар бар. Барша ақындарды жеңістерімен құттықтаймын!

Сөз сайысының қорытындысы бойынша жүлдегер атанған ақындарға ақшалай сыйлықтар табысталды.

Оразбек Саяхат

pavlodarnews.kz

Тэги: