Аудан әкімдігінің хабарлауынша, азық-түлік жиынтығы 2020 жылдың қаңтар және ақпан айларында жеткізілген.

- Қазір алушыларға үйге жинақтарды жеткізу жұмыстары жүргізілуде, - деді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Жанат Жұматаев. – Ал наурыз айында оларды гигиеналық құралдармен қамтамасыз етеміз. Азық-түлік жиынтығын 134 бала алады, оның ішінде 48-і бір жастан үш жасқа дейінгі және 86-сы – 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар. 206 бала ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі, сондай-ақ АӘК алушылар отбасыларының балаларын жаңа оқу жылына қарай кепілді әлеуметтік пакет шеңберінде мектеп формасымен және кеңсе тауарларымен қамтамасыз етеді. Жыл соңына дейін балалардың нақты санын атауға болмайды. Себебі, біреуі жеті жасқа толады немесе мектепті аяқтайды, ал отбасы АӘК алушылар қатарынан шығады. Кепілді әлеуметтік пакетпен қамтамасыз етуге аудандық бюджет қаражатынан 19,6 млн теңге жоспарланған.


Ауданның Шарбақты, Жамбыл және Қызыләскер ауылдық округтерінде әлеуметтік көмек алушылар саны көп.

«Иртыш Альянс Trade» ЖШС-мен бірінші тоқсанға 3085 мың теңге сомаға азық-түлік жиынтықтары мен гигиеналық құралдарды жеткізуге шарт жасалды.

Жанат Жұматаевтың ақпараты бойынша, жыл басынан бері ауылдық округтер бойынша 224 АӘК алуға өтініш қабылданып, 159 отбасына тағайындалған, олар 5 млн теңгеден астам қаржы алады.

Аққулы ауданының тұрғыны, 4 баланың анасы Мадина Егеубаева 2019 жылдың наурызынан бастап АӘК алушы болып табылады.

- Қазір отбасында тек жұбайы ғана жұмыс істейді, ол тіс технигі, мен бала күтіміне байланысты демалыста жүрмін, - дейді әйел. – Бізде 2, 8 және 10 жастағы үш ұлымыз және үш жастағы қызымыз бар. Үйге жеткізілген өнімдер үлкен көмек болды. Ботқа, жарма, сүт, езбе, печенье балаларға ұнады. Келесі аптада балаларға арналған жуғыш құралдар әкелінеді.

Естеріңізге сала кетейік, балаларға арналған кепілдендірілген әлеуметтік пакет АӘК алатын отбасыларға ғана беріледі. Балабақша жасындағы балаларды азық-түлікпен және тұрмыстық химия тауарларымен қамтамасыз етеді. Азық-түлік себетінің құрамы Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысы бойынша әзірленген. Оны отбасы АӘК алатын уақыт ішінде айына бір рет беретін болады.

Азық-түлік жиынтығы балалардың жас санатына байланысты құрамы бойынша ерекшеленетін болады: 1-ден 3 жасқа дейін және 3-тен 6 жасқа дейін.

Жинақтар баланың күндізгі тамақтану рационын қамтамасыз етуге арналмаған, оның мақсаты – өсіп келе жатқан ағзадағы дәрумендердің жетіспеушілігін өтеу.

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам