Іс-шара «Көктем-2020» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу шеңберінде өткізілді.

Облыстық ТЖ басқармасы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жаттығудың мақсаты – Павлодар қаласы азаматтық қорғау қалалық кіші жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын 2020 жылғы су тасқыны кезеңінде ТЖ жою кезіндегі іс-қимылдарға дайындау болып табылады.

- Оқу-жаттығу барысында Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жергілікті атқарушы органдармен, Ұлттық ұланның 5512 әскери бөлімімен және объектілік құрылымдар және азаматтық қорғау қызметтерімен өзара іс-қимыл жөнінде халықты жергілікті жүйелер арқылы хабардар етіп, эвакуациялау бойынша тәжірибелік іс-шаралар пысықталды, - деді баспасөз қызметінде. – Кент мектебінің базасында эвакуацияланушыларды қабылдау пункті ашылды. Сондай-ақ жер үйіндісі арқылы суды тартып шығару және айдау, құм қаптарға салу, қарды тазалау, шығару және Ұлттық гвардияның әскери қызметшілері зейнеткерлер мен жалғызбасты қарт адамдардың аулаларын қардан тазалауға көмек көрсетті.

Сонымен қатар, құтқарушыларға көмек көрсетуге Қызыл Жарты Ай волонтерлері мен VITA іздеу жасағы белсене қатысты.

Оқу-жаттығуға барлығы 45 бірлік техника, 129 адамнан тұратын жеке құрам жұмылдырылды.

pavlodarnews.kz

Тэги: